2023 ж. 2 ақпан
2022 жылдың соңында Bayer мен Ayala қорының қайырымдылық жобасы аяқталды.
Жоба аясында Атырау қ. қалалық перзентханасының патология бөлімшесіне жаңа туған нәрестелерге жедел және сапалы көмек көрсетуге арналған реанимациялық жабдық – шала туылған балаларды қарқынды емдеуге арналған инкубатор және ашық реанимациялық жүйе берілді. Берілген техника алдағы бес жыл ішінде 1350-ден астам баланың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді.
«Аналар мен балалардың денсаулығына қамқорлық жасау – Bayer компаниясының «Ауруларсыз және аштықсыз әлем» миссиясының маңызды құрамдас бөлігі. Екінші жыл бойы біз Ayala қайырымдылық қорымен күш біріктіріп жатқанымызға өте қуаныштымын. Осы бастаманың арқасында Атырау қаласының болашақ ұрпақтарының денсаулығын жақсартуға үлес қосуға мүмкіндігіміз бар», – деп, Bayer компаниясының Қазақстандағы Бас директоры Лаума Вальтере атап өтті.
Ayala қайырымдылық қоры 15 жылдан бері көпсалалы ауруханалар, перинаталдық орталықтар мен перзентханалардағы балалар реанимациясын жарақтандыру үшін демеуші компаниялар мен жеке тұлғалардың қаражатын біріктіріп, «Өмір сыйлайық» жобасын жүзеге асырып келеді.
«Біз жабдықтың кішкентай пациенттердің өмірін сақтап қалып жатқанына қуаныштымыз. Біз клиника дәрігерлерінен де, Қазақстандағы қайырымдылық жобаларын қолдайтын компанияда жұмыс істейтіндерін мақтан тұтатын қызметкерлерімізден де жылы пікірлер алдық», – деп қосты Лаума Валтере.