Қазақстан

Байер КАЗ Бас директоры

Management

«Байер КАЗ» ЖШС Бас директоры Гульмира Байсмакова

MD

Гүльмира Байсмақованың жоғары медициналық білімі бар. Қазақстан экономика және құқық институтының заң факультетін де үздік бітірген. Гүльмира Байсмақованың КИМЭП Университетінің Мемлекеттік басқару магистрі (MPA) дәрежесі бар. Оқудағы үздік жетістіктері үшін КИМЭП Президенттік стипендиясының иегері.


Коммерциялық кәсіпорындарда әртүрлі лауазымдарда көп жылдық тәжірибесі бар, оның ішінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес кәсіпорнында жұмыс істеді.


Гүльмира «Байер КАЗ» ЖШС-не 2008 жылы келген. Құқықтық бөлімнің басшысы және комплаенс офицері ретінде Гүльмира Қазақстанда да, ТМД елдерінде де құқықтық және комплаенс процестеріне жауапты болды. Гүльмира компания үшін патенттік құқық, барлық Bayer дивизиондарының бизнесін дамыту саласындағы негізгі жобаларға қатысты, «Байер КАЗ» ЖШС-де ішкі аудиттер мен процестердің тиімділігі мен цифрландыруға бағытталған жобаларына жетекшілік етті.


Гүльмира Байсмақова 2023 жылдың қарашасынан бастап «Байер КАЗ» ЖШС бас директоры болып тағайындалды.