Біз туралы
Bayer – бүкіл әлемде денсаулық сақтау және ауыл шаруашылығы саласында маңызды орын алатын 150 жылдық тарихы бар инновациялық компания. Біз инновациялық өнімдерге арналған жаңа молекулаларды және адамдар мен өсімдіктердің денсаулығын жақсарту жолдарын әзірлеп жатырмыз. Біздің зерттеулеріміз бен әзірлемелеріміз тірі ағзалардағы биохимиялық процестерді терең түсінуге негізделген.
Біздің әрбір өніміміз – қазіргі заманның күрделі міндеттерін шешуге қосқан үлесі. Өсіп келе жатқан және тұрақты қартайып жатқан ғаламшар халқына денсаулық сақтаудың жоғары сапасы мен жеткілікті азық-түлік қажет. Bayer компаниясы әртүрлі аурулардың алдын алуға, жеңілдетуге және емдеуге көмектесу арқылы адамдардың өмір сүру сапасын жақсартады. Біз сондай-ақ тұтынушыларға жоғары сапалы азық-түлік пен өсімдік шикізатына тұрақты қол жеткізуге көмектесеміз. Bayer компаниясы өнімдерінің кең қоржынына әлемге әйгілі көптеген брендтер кіреді.
Біздің мақсатымыз – клиенттерімізге, серіктестерімізге, акционерлерімізге және қызметкерлерімізге пайда әкеле отырып, өз қызметімізді жүргізетін сегменттерде көшбасшылық позицияларға қол жеткізу және сақтау. Біз тұрақты даму идеясына адалмыз және өзіміздің әлеуметтік және этикалық міндеттемелерімізге әлеуметтік жауапты компания ретінде қараймыз. Сондай-ақ, Bayer-де біз қызметкерлерге өсу үшін керемет мүмкіндіктер беруге тырысамыз. Мұның бәрі біздің мақсатымызды жүзеге асыруға бағытталған: «Science for a better life».
Bayer Қазақстанда 1994 жылдан бері жұмыс істейді.
Қазақстанда Bayer қызметінің барлық бағыттары ұсынылған: Pharmaceuticals (рецептік препараттар), Consumer Health (рецептсіз препараттар) және Crop Science (ауыл шаруашылығы бағыты). (Crop Science микросайтына сілтеме)
Мекенжайы:
"Байер КАЗ" ЖШC
050057, Қазақстан, Алматы қаласы
Тимирязев көшесі, 42, павильон 15, 301 кеңсе
Teл. +7 727 258 80 40
e-mail: info.kz@bayer.com
Егер Сіз өнімнің жанама әсері немесе сапасы бойынша шағым хабарлағыңыз келсе, денсаулық сақтау саласының маманына (мысалы, дәрігер немесе фармацевт) немесе басқарушы органға хабарласыңыз. Сонымен қатар өтініштерді pv.centralasia@bayer.com электрондық пошта адресіне немесе +7 701 715 78 46 телефоны арқылы жіберуге болады.