Қазақстан

Ауыл шаруашылығы бағыты

Drone

Crop Science дивизионы өсімдік шаруашылығындағы процестерді бақылау және оңтайландыруға арналған өсімдіктерді қорғаудың заманауи құралдарын, көкөніс және егістік дақылдарының жоғары өнімді будандарын және сандық технологияларды ұсынады.

үшін ауыл шаруашылығының өнімділігі 60%-ға артуы керек. Бұл мақсатқа жету үшін жоғары технологиялық және өсімдіктерді қорғаудың заманауи құралдары қажет. Қазақстанда дәнді, майлы, бұршақ, көкөніс, жеміс-жидек дақылдары мен картопты қорғауға арналған препараттар тіркелген. 

дақылдардың гербицидтік күйзелісін азайту үшін арамшөптерден қорғау құралдарының құрамына антидот кіреді. Ол белсенді метаболиттік процестері арқылы әсер ететін заттың тез ыдырауына ықпал ететін екпе өсімдіктегі бірқатар ферменттердің синтезін ынталандырады.


Майлы дисперсия (ODesi, O-TEQ) түріндегі гербицидтер мен инсектицидтердің инновациялық формуляциялары әзірленді. Олар жұмыс ерітіндісін қолдануды, оның таралуын және өсімдікке енуін жақсартады, тіпті қолайсыз ауа-райы жағдайларында да препараттың тұрақты әсерін қамтамасыз етеді.


Өсімдікте флоэма бойынша акропетальды (жоғары) және базипетальды (төмен) жүйелі түрде қозғалуға қабілетті жаңа инсектицидтер ерекше қасиеттерге ие.

Картоп маңызды азық-түлік болып табылады. Бұл дақылға деген сұраныс пен сұранымды ескере отырып, оның өндірісін ұлғайту мәселесі туындады. Бұл мәселенің ең орынды шешімі – жаңа заманауи технологиялар арқылы өнімділікті арттыру мен далада және сақтау кезінде арамшөптерден, зиянкестерден және аурулардан болатын шығындардың алдын алу болып табылады. Bayer компаниясы сапалы өнім өндіруге ықпал ете отырып, картопты зиянды организмдерден қорғау жүйесін үнемі жетілдіріп отырады.

Нағыз бағбан көктемгі күннің алғашқы сәулелерімен түсім туралы ойлайды. Бірақ қамқорлықтан басқа, жеміс ағаштарына қорғаныс та қажет. Crop Science аурулар мен зиянкестерге қарсы жоғары тиімді пестицидтер жасайды. Бұл препараттар түсімді сәтті қорғайды және жемістерді үстеліңіз үшін сақтайды.

Жаңа сұрыптар мен будандардың тұқымдарын қолдана отырып, жүгері өсірудің заманауи технологиялары астық пен жасыл массаның максималды өнімділігін қалыптастыруға бағытталған. DEKALB® будандары суару кезінде де, суарусыз да өсіру кезінде әртүрлі топырақ-климаттық аймақтарда жоғары сапалы көрсеткіштермен тұрақты өнім алуға мүмкіндік береді. Олардың қуатты және тармақталған тамыр жүйесі бар. Осылайша, өсімдік қоректену аймағын ұлғайтады және көбірек ылғал алады, бұл Қазақстанның құрғақ жағдайларында өте маңызды. DEKALB® тұқымдары сатылымға өңделген болып түседі – бұл дәрілеуге шығындарды азайтады.

Crop Science Kazakhstan сайтына сілтеме  Bayer Crop Science