Bayer Қазақстанда дәрілердің халықаралық клиникалық сынақтарын бастайды

Hands

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен «Bayer KAZ» ЖШС клиникалық зерттеулер нарығын дамытуға және озық технологиялар трансфертіне бағытталған ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Оны жүзеге асыру аясында Қазақстанда инновациялық дәрілік заттардың халықаралық рандомизацияланған клиникалық сынақтарын бастау жоспарлануда. Меморандум сонымен қатар қуық асты безі обырын емдеуге арналған инновациялық препараттар нарығына қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша бірлескен жұмысты қарастырады және Қазақстандағы денсаулық сақтау мамандарының құзыреттілігін арттыруға бағытталған ғылыми және білім беру бағдарламаларын іске асыруды қамтиды. Келісімге қол қою Global Pharm III халықаралық фармацевтикалық форумының іскерлік бағдарламасы аясында Астанада өтті.