Қазақстандағы Bayer AG өкілдігінің құрылу тарихы сонау 90-шы жылдардан, дәлірек айтсақ 1994 жылдан басталады. 1991 жылы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) құрылды, оның құрамына бұрынғы одақтас республикалар кірді.
Сонымен бірге, Bayer AG компаниясының Леверкузендегі штаб-пәтерінде ТМД елдерінде бизнесті дамытудың GUS-Strategie стратегиясы дүниеге келді, ол компанияның осы елдерде болуына бағытталған. Осы мақсатта аталған республикаларға, соның ішінде Орталық Азия аймағына да осы мәселенің барлық қырларын зерттеу үшін топ құрылып, жіберілді. Барлық ақпарат жинақталып, талданғаннан кейін Алматыда Орталық Азия аймағындағы Bayer AG өкілдігін ашу туралы шешім қабылданды.